$ 449.58  486.94  4.86

Көкшетау көшесінде қос тапанша алып жүрген тұрғын ұсталды

«Ол өзінің қылығын түсіндіре алмады. Анықталғандай, қару оқтаулы болған», - дейді Ұлттық ұланның әскери қызметкері.
фото: rutube.ru
фото: rutube.ru

Көкшетауда Ұлттық ұланның әскерилері балалардың ойын алаңында қолына қос тапанша ұстап жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімі жедел батальоны командирінің орынбасары Василий Гунько қызметін атқару кезінде тұрғын үйлердің біріндегі балалардың ойын алаңында қолына қос тапанша ұстап жүрген жігітті көзі шалып қалған.

Әскери қызметкер учаскелік инспекторды шақырып, ер адамды полиция басқармасына жеткізген. Ер адамның қолында «макаров» пневматикалық тапаншасы мен револьвер болған.

«Мен ер адамның тұрғын үй ауласындағы ойын алаңында балалардың көзінше тапаншаларды бұлғақтатып жүргенін көрдім. Бірден тұрғындардың қауіпсіздігін ойлап, одан қаруды беруді талап еттім. Ер адам қарсылық көрсетпестен қаруды маған берді.

Кейін учаскелік инспектор келген соң, екеулеп оны полиция басқармасына жеткіздік. Ол өзінің қылығын түсіндіре алмады. Анықталғандай, қару оқтаулы болған», - дейді Ұлттық ұланның әскери қызметкері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары