Тынымсыз заңгер Айгүл Орынбек бүгін facebook парақшасына Түркістан облысының Шардара ауданында кәріз құбырларының ақауы салдарынан лас қалдықтардың көшеге жайылып жатқан видеосын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Боққа батқан Шардара! Сапасыз жасалған кәріз құбырларының арқасында Шардара халқы боққа батып отыр! Халық вирустан бұрын, иістен өлуі әбден мүмкін! Кәріз құбырларын жүргізген қай компания екен?
Шардара ауданының әкімі қайда қарап отыр деп сұрамай-ақ қояйын, ол жауап бере алмайды! Қол астындағы қызметкерлері той тойлап жүргенде, бұл әкім іс бітіріп жүр деп ойламаймын. Себебі, әкімдерінен үміттері үзілген аудан тұрғындары менен көмек сұрауда!
Жемқорлықтың қатты күшейгені соншалықты, халық боққа батып кетіпті ғой! Түркістан Облысының Прокуратурасы назарына! Халықты боққа батырмай, тексеріңіздер!» деп ашынды Айгүл Орынбек.
Осы сәтте Зага Көбеева есімді желі қолданушы: «Шардараға бір дұрыс әкім бұйырмады», - деген базынасын айтып қалды...