$ 494.87  520.65  4.91

Жәмішевтің жаңа жұмысындағы жалақысы аздау екен

Жалақы мөлшерін Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігінің комитеті бекіткен.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

17 сәуірде Медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің басшысы ауысты. Енді Елжан Біртановтың орнына бұл қызметке экономист Болат Жәмішев келді. Аталған лауазымға қандай еңбекақы қарастырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қордың жаңа басшысының бұған дейін де көптеген лауазымды қызметтерді атқарғанын айта кету керек. Атап айтқанда, бұдан бұрын ол Қаржы министрлігін, Өңірлік даму министрлігін, сондай-ақ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ мен Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігін басқарған.

Қордың мәліметіне сәйкес, директорлар кеңесінің жаңа басшысына тағайындалған еңбекақы мөлшері 200 мың теңгеден аспайды. Аталған жалақы мөлшерін Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігінің комитеті бекіткен.

Ал Жәмішевтің қолына алатын «таза табысы» одан да азырақ болады. Себебі, аталған 200 мың теңгеден зейнеткерлік және әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарнасы мен табыс салығы шегеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары