23.04.2020, 02:30

Желіде Дариға Назарбаеваның «құны 4 млн теңгеден асатын» костюмі талқыланып жатыр (ФОТО)

фото: zonakz.net
Жайдары Демегенов есімді азамат «Қайта біздің спикер жұмыс барысында өте қарапайым. «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек» тағы басқа компаниялардың орта буын менеджерлері 20 мың доллар тұратын және одан да қымбат киім киеді» деп жазды.

Мұрат Омаров есімді азамат facebook парақшасында Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның жұмыста жиі киіп жүретін бір костюмінің құны қазір 20 пайыз жеңілдікпен тура 10 мың доллар тұратынын көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық банкінің қазіргі бағамымен 1 доллардың 435 теңге екенін негізге алсақ, Chanel брендінің ол өнімі әлгі 20 пайыз жеңілдігімен 4 миллион 350 мың теңге тұрады екен. Ал жазба авторы бұл байлықты қарапайым халықтың айына 42500 теңге ала алмай, зар илеп жүргенімен салыстырған.

Оны көрген өзге желі қолданушылар да «Бір костюмі менің ипотекамды жауып берер еді», «4 ай бойы айлығын жұмсамай жинап, сатып алған шығар», «Бұл тіпті 10 мың доллар да емес, астында 13850 доллар деп жазылып тұр ғой», «4 млн ÷ 42500 = 94. Бұл киім 94 азаматқа көмек беруге жетеді екен» деп біраз есебін шығарып тастады.

Ал олардан өзінің «көзі ашықтау» екенін аңғартқан Жайдары Демегенов есімді азамат «Қайта біздің спикер жұмыс барысында өте қарапайым. «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек», тағы басқа компаниялардың орта буын менеджерлері 20 мың доллар тұратын және одан да қымбат киім киеді» деп жазды.

Роза Жаймина деген кісі де сол компания менеджерлері туралы: «Иә, олардың Биркин брендті сөмкесінің өзі 25 мың доллардан басталады», - деп Жайдары замандасының сөзін толықтыра кетті.

Тағы оқи отырыңыз: Жәмішевтің жаңа жұмысындағы жалақысы аздау екен

Ал біз «сағындырып жеткен» 42500 теңгені балмұздақ, кәмпит сынды ұсақ-түйекке құртпай, бос тоңазытқышты толтыратын азық-түлік тізімін күнде өзгертіп, «алапат жоспар» құрып отырмыз...