$ 448.15  483.46  4.86

Польша Сенатының төрағасы қазақ халқына ерекше алғысын айтты

Бүгін Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп отырған Алғыс айту күніне орай Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийдің атынан жолдау келіп түсті.

Жолдауда биыл поляк халқының тарихындағы қасіретті оқиға – Қазақстанға жаппай еріксіз көшірілгені кезекті мәрте аталып өтетіні айтылған. 1936 жылы коммунистік қуғын-сүргін салдарынан мыңдаған поляктар ауыр қасіретке душар болып, босқындыққа ұшырады. Хатта сталиндік тоталитарлық кезеңде көптеген адамдар қаза тауып, азапқа ұшырағаны айтылған.

«Біз отандастарымызды және олардың бастан кешкен азабын еске ала отырып, ауыр кезеңде көшіріліп әкелінген поляктарды өз бауырындай қабылдаған қазақтарды ізгілікпен еске аламыз», - деп жазған С.Карчевский. Осыған байланысты Польша Сенатының төрағасы Рим Папасы Иоанн Павел II-нің «Сіздердің дәстүрлеріңіздің бір бөлігі ашықтық пен ынтымақ рухынан құралған, өйткені Қазақстан ежелден көптеген дәстүрлер мен мәдениеттер тоғысқан мекен ретінде көрініп келеді», деген сөзін келтірді.

С.Карчевский сөзінің соңында өткен кезеңде өз отандастарын қолдағандарға және қазіргі таңда олардың ұлттық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтауға және дамытуға қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары