$ 494.87  520.65  4.91

ЕАЭО елдерінің ішінде Ресейден де асып түсіп, дағдарысты бірінші еңсереді екенбіз

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО көлемінде коронавирустың алдын алу үшін ірі шараларды алғаш болып қолданған мемлекет – Қазақстан.
фото: realnoevremya.ru
фото: realnoevremya.ru

Сарапшылар Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің қайсысы «экономикалық рецессиядан» бірінші шығуы мүмкін деген сауал төңірегінде зерттеу жүргізіпті, деп хабарлайды bairaq.kz.

Айта кетейік, ЕАЭО-ға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Молдава елдері мүше. Аталған мемлекеттердің дағдарыспен күресу қауқарын білу үшін бірқатар экономикалық және саяси факторларға мән берілген.

Экономикалық критерийлер – ұжымдық басқару, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау, бизнестің тазалығы, жемқорлық деңгейі, сауда жасау еркіндігі. Саяси факторлардың негізгісі – билікке деген сенім.

ЕАЭО көлемінде коронавирустың алдын алу үшін ірі шараларды алғаш болып қолданған мемлекет – Қазақстан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні Төтенше жағдай режимін енгізіп, барлық сауда орындарын, қоғамдық тамақтану орындарын тоқтатты. Сондай-ақ, адам көп жиналатын жиындарды да кейінге шегерді.

Қолданған шаралар нәтижесінде, ЕАЭО елдерінің ішінде бірінші болып Қазақстан дағдарысты еңсермек-мыс. Екінші орында Ресей, үшінші Армения екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары