$ 494.87  520.65  4.91

«Мұхтар Тайжан, өз еңбегіңмен тапқан ақшаға өмір сүріп, соған қанағат етуді үйрен» - Марғұлан Сейсембай

Тайжан сотқа жүгінетінін хабарлады, бірақ бұл әрекетке мұсылмандар үшін қасиетті ай аяқталғаннан кейін баратынын жазды.

Қазнет әлеуметтік желілердегі екі танымал қоғам қайраткері арасындағы жанжалды қадағалап отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Әңгіме акциялары Марғұлан Сейсембайға тиесілі "Алель Агро" АҚ-ын тексеруден басталған. Мемлекеттік органдар компанияның мемлекеттік субсидияларды мақсатты түрде жұмсап жатқандығына қызығушылық танытқан.

Бұған дейін Сейсембай ізіне түскенін және қамауға алынуы мүмкін екенін жазған.

Сейсембайдың жақтастары белсенді Мұхтар Тайжанға кәсіпкерді ресми түрде қолдауға өтініш білдірген.

Алайда, Тайжан "біреудің ақшасын құртты деп айыпталған адамды үзілді-кесілді жақтай алмаймын", - деді.

Бұған жауап ретінде Сейсембай Тайжанға алған ақшалары мен 2016-2017 жылдары оның отбасын "асырағаны" туралы есіне салды.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Денсаулық сақтау министрлiгiнiң былықтары күн сайын шелек-шелек болып шығуда» - Марғұлан Сейсембай

«Мені қамап тастамақшы»: Марғұлан Сейсембай үйінің айналасында «30-40 шақты адам» жүргенін хабарлады

«Елімізге жаңа көш пен құдайлардың қаһарынан ықпайтын Прометейдей көшбасшы керек» - құқықтанушы

"2016 жылдың сәуір айында елді жерге қатысты митингтер толқыны өтті. Халық жерді шетелдіктерге сатпауды талап етті. Сен бұл мәселеге белсенді араласып, менен көмек сұрадың. Барлық ақшаңды пияз бизнесінде жоғалтып, Америкадағы балаңның оқуы ақысын төлеуге, отбасыңды қамтуға қаражатың жоқ екенін айттың. Сонда мен саған сен жерге қатысты сұрақтармен айналысуың үшін көмек беремін дедім", - деп жазды Сейсембай.

Бизнесмен 2016 жылдың маусым айынан бастап 2017 жылдың шілде айына дейін Тайжанға 237 000 АҚШ долларын берген айтты.

Марғұлан Сейсембай "бәсекелесіне" жүгініп,  саясат - бұл, ең алдымен, жауапкершілік екенін атап өтті.  Ол Тайжанды бүкіл ел алдында табыс көздерін жария етуге шақырды.

"1. Өз отбасыңды немен асырап отырғаныңды айт? Тек бизнесмен болдым деген ертегілеріңнің қажеті жоқ. 2. Саясатпен айналыса отырып нені тәуекел еттің? Бәске не қойдың? Мен, тіпті, сенің қызметің үшін ұсталғаның туралы естімеппін. 3. Бұл елде сен не құрдың немесе не жасадың?", - деп Тайжанға сұрақ қойды танымал кәсіпкер.

"Расымен, халық саясаткері болғың келсе, ең әуелі, өз еңбегіңмен тапқан ақшаға өмір сүріп, соған қанағат етуді үйрен", - деп түйіндеді Сейсембай.

Өз кезегінде, Тайжан ақша алғанын жоққа шығармады. Алайда, ол Сейсембайға ешқашан "бір тиын да" қарыз болмағанын мәлімдеді.

Тайжан сотқа жүгінетінін хабарлады, бірақ бұл әрекетке мұсылмандар үшін қасиетті ай аяқталғаннан кейін баратынын жазды.

"Бүкіл елге осындай негізсіз айыптаулардан жариялағаннан кейін менде ар-намысым мен абыройымды сотта қорғаудан басқа амал қалмады. Бірақ мен оған Рамазан айы аяқталғаннан кейін ғана кірісемін", - деді Тайжан.

Ол, сонымен қатар, осы айда әлеуметтік желілерде "дау шығарғысы" келмейтінін мәлімдеді. Бұған қоса, Тайжан "Марғұлананың жағдайы қазірдің өзінде қиын" екенін тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары