$ 494.87  520.65  4.91

«Патруль» сериалындағы парықсыздық: тәжік елі Қазақстанға наразылық нотасын жіберді

Бұл туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз бөлімі хабарлады.

27 сәуірде Тәжікстан СІМ Қазақстандағы әріптестеріне нота жіберіп, әлеуметтік желілерде «Патруль» сериалынан үзінділер көрсетілген видеоларға қатысты жауап беруді талап етті, деп хабарлайды adyrna.kz.

Тәжікстан министрлігі сериалды түсірген «BAS production»-нан және оның тапсырыс берушісі НТК компаниясынан жала жапқаны және «этникалық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-қимылдар үшін» олардың қызметіне «құқықтық баға беруді» сұрады.

Бұл туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз бөлімі хабарлады.

«Патруль» фильмінің бір эпизодында полиция орыс және қазақ тілдерін білмейтін мигрантты ұстайды. Ұсталған адам өзбекше сөйлейді, бірақ, полиция қызметкерлері оны тәжік деп қателесіп, бөлімге апарады. Ол дәлізді бояуға және көлікті жууға мәжбүр болады. Аяғында, бұл елшілікке баратын жолдан адасқан Тәжікстанның елшісі болып шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары