$ 494.87  520.65  4.91

Қытай билігі коронавирусты зерттеуге ниетті ДДСҰ-ның «жолын кесіп отыр»

Оның айтуынша, ДДСҰ коронавирустың әрі қарай қайта күшейіп кетуінің алдын алу мақсатында оны түбегейлі зерттеу керек.

Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусты зерттеуіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы ұйымның Қытайдағы өкілі Годен Галеа хабарлады. 

Оның айтуынша, ДДСҰ коронавирустың әрі қарай қайта күшейіп кетуінің алдын алу мақсатында оны түбегейлі зерттеу керек. 

«Қытайда ұлттық тексеру жұмыстары жүріп жатқанын біз білеміз. Бірақ бізді қатысушы ретінде де шақырмады. ДДСҰ Қытай билігі мен денсаулық сақтау саласына ұсынысты қайта-қайта жіберуде», - деді ол.

 Өкілдің айтуынша, Қытай билігі ДДСҰ қызметкерлеріне коронавирустың эпицентрі саналатын Ухань қаласындағы екі вирусологиялық зертханаға кіруге һәм тексеру жүргізуге рұқсат етпеген. 

«Зертханалық жұмыстар – кез келген вирустың тегін анықтау жолында аса қажет құжаттар екені сөзсіз ғой», - деді Галеа. 

Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір әлем бойынша 3,2 миллион адам коронавирус жұқтырған. 233 мыңнан астамы көз жұмды. 

Дереккөз: Bairaq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары