Қазақстанда мүлікті жария етудің жаңа қағидалары әзірленуде. Бұл туралы «Хабар» телеарнасында өткен тікелей эфирде ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды skifnews.kz.
― Қазіргі уақытта Өңірлік даму министрлігі мүлікті жария етудің жаңа қағидаларын әзірлеп жатыр. Осы қағидаларға сәйкес сейсмикалық емес аудандарда сарапшының қорытындысын ұсыну қажет болмайды. Сейсмикалық аудандарда орналасқан елді мекендердің тізімі құрылыс нормалары мен ережелерінде көрсетілген, ― деді Б.Жамишев.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде ғимараттар мен құрылыс нысандарын техникалық зерттеу бойынша 451 сарапшы аттестаттаудан өткен. Олардың саны сараптама жүргізуге берілген өтінімдердің артуына қарай көбейетін болады.