$ 494.87  520.65  4.91

«Осы өркениетті елге тән қадам ба, вообще?»: Бекболат Тілеухан екпе егу туралы бапқа әлі наразы (ВИДЕО)

«Сонда, бас тартқан адам фактический заң бұзушы болып шыға келе ме? Түсіндіріңіздерші!» - дейді екпені «жақтыра қоймайтын» депутат.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Бүгін Мәдениет порталының facebook парақшасына Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сауал жолдап отырған видеосы жарияланды. Онда ол жауапты министрліктің халықты екпе салуға заң бойынша міндеттейтініне қарсы шығуда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Портал жазбасында Бекболат Тілеуханның сөзі келтірілген.

«Әлеуметтік желілерде вакцинадан зардап шеккендер тізімін жасауға шақырған хабарлама тарауда. Хабарламада тізімді «Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның сұрауымен» жасатып жатқаны айтылады. Бұл бастаманы көтеріп жатқан азаматтардың жанайқайын жақсы түсінемін.

Алайда, аталған тізімді жинатуға қатысым жоқ екенін ресми түрде айтқым келеді. Бірақ, Денсаулық сақтау туралы заң жобасына қатысты бұрын айтылған позициямнан бас тартпаймын. Алдағы уақытта да сайлаушыларымның талабын заң шеңберінде жеткізе беремін», - деген сөздің орысшасы да қоса жүр.

Ал видеодағы кезекті қарсылығында депутат былай дейді:

«Мына 89-статьяның көлемінде қоғам дүрлігуде екенін жасырмаймыз. Мен сайлаушыларымның аманатын жеткізе отырып, осы 89-статьяға қарсы шығатынымды жеткізгім келеді. Жұмсақ күш, иландыра түсірудің тәсілімен көндірудің орнына, бас-көз жоқ «обязанно» деп міндеттеп заңға қондырып, тізеге салудың қандай реті бар, Елжан Амантайұлы? Үкімет күшіне сенбей ме, әлде, еріне ме? Осы өркениетті елге тән қадам ба, вообще?..

Сонда, бас тартқан адам фактический заң бұзушы болып шыға келе ме? Түсіндіріңіздерші! Маған түсіндіре алмасаңыздар, қоғамға түсіндіру өте қиынға соғады осы мәселені. Неге біз міндеттеуіміз керек? Әркім өзінің құқығын өзі пайдалануы тиіс. Ал бұл жерде тізеге салу қиянат сияқты, меніңше».

Білуімізше, сол екпені ектіре салудан депутат айтқандай жалпы қоғам бас тартып жатқан жоқ. Жаңалықтарға кейбір әртүрлі діни наным-сенімдегі адамдардың қарсылық танытқаны жарияланып тұратыны болмаса, бәрі дұрыс. Денсаулық сақтау министріне сонша шүйліге беретіндей де мәселе емес ол. Сонда, Бекболат Тілеухан не үшін екпе десе елден ерек «тулап» шыға келеді?..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары