4 мамыр күні Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.
«Парламент Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттары туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы жарлығы негізінде тоқтатылды», - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға Сенат төрағасы ретінде атқарған жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.
«Д.Н.Назарбаеваға Парламент Сенаты төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазды ол.