$ 498.34  519.72  4.85

Аида Балаева ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

2019 жылдың 22 шілдесінен -  Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын", - делінген президент бұрйығында.

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл кентінде дүниеге келген. 

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.   

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы. 

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы.

2004 жылдың қаңтар-қыркүйегі - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжам бөлімінің басшысы.

2004-2005 жылдары –  Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы басшысының орынбасары. 

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы ішкі саясат департамент директорының орынбасары. 

2006-2008 жылдары. – Алматы қаласы ішкі саясат департамент директоры. 

2008-2010 жылдары – Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.  

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 

2014-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылдың 22 шілдесінен -  Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2020 жылдың 4 мамырынан бастап ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі. 

Еске салайық, бұған дейін бұл қызметте Дәурен Абаев болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары