$ 494.87  520.65  4.91

«Бізде өте күрделі ойын жүріп жатыр»: АҚШ билігі Қытайға қарсы тағы бір мәлімдеме жасады

Дональд Трамп өтемақы төлеу түрі ретінде Пекинге 1 триллион долларға дейін тариф енгізуді ұсынды.
фото: tass.ru
фото: tass.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп пандемия зардабы үшін Қытайға 1 триллион доллар тариф енгізіп, жазалауға уәде берді, деп хабарлайды qamshy.kz, Daily Express басылымына сілтеме жасап.

Дональд Трамп өтемақы төлеу түрі ретінде Пекинге 1 триллион долларға дейін тариф енгізуді ұсынды. Алайда, ол баспасөз мәслихатында Қытайға қатысты келесі қадамдары туралы нақты айтудан бас тартты. Тарифтер туралы сауал қойылғанда, АҚШ президенті: «Менің оны айтқым келмейді. Бізде өте күрделі ойын жүріп жатыр», - деді.

Трамп әкімшілігі «Қытай коронавирус ақпараттарын жасырын ұстап, оның бүкіл әлемге таралуына себепші болды» деп айыптаған. Өткен аптада Ақ Үйдің шенеуніктері журналистерге әкімшіліктің Қытайдан өтемақы өндіріп алуға қатысты нұсқаларды қарастырып жатқанын жеткізді.

Оған тек тарифтер енгізу ғана емес, сонымен бірге АҚШ-тағы Қытай қарыздарының бір бөлігін алып тастау да жатады. Бір шенеунік: «Қытайға қалай соққы жасау керектігі және оны қалай дұрыс тексеру керек екендігі туралы пікірталас жүріп жатыр», - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары