Саясат 05.05.2020 сағат 03:40

«Кім қателесті?»: Президент Мақтаралда 10 ауылды, әкімдік 5 ауылды су басты деп отыр

«Ақпаратты да таратар кезде, кішкене келісіп алу керек қой», - дейді жазба авторы.
«Кім қателесті?»: Президент Мақтаралда 10 ауылды, әкімдік 5 ауылды су басты деп отыр
фото: azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкенттік журналист Жансая Тәуекелқызы түнде facebook парақшасына Түркістан облысындағы топан су апатына қатысты жазба қалдырды. Оның атап көрсетуінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына «Түркістан облысының 10 ауылын су басты» деп жазғаны мәлім. Ал одан бір күннен кейін өңір әкімдігі су астында 5 ауылдың қалғандығын, басқа 5-еуіне жай қауіп төнгенмен, су баспағанын ресми түрде жариялаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түркістан облысы Президент Тоқаевқа өтірік мәлімет берген бе, әлде Мемлекет басшысы жалған ақпарат таратты ма? Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Twitter парақшасында «Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты» деп жазды.

Ал Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында бүгін, 4 мамыр сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша, 10 емес, 5 ауыл су астында қалған. Қалған 5-еуі су басу қаупінен шығарылған. Яғни, су баспаған.

 

Кімге сенеміз? Немесе кім қателесті? Ақпаратты да таратар кезде, кішкене келісіп алу керек қой... Скрин: Тоқаевтың Twitter парақшасынан және ТО әкімдігінің ресми сайтынан алынды» деп жазды Жансая Тәуекелқызы.

Жазба астына тағы бір әріптесіміз Ержан Жаубай президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиді белгілеп, «Берік аға, мынау не әңгіме?» деген сұрақ қойды. Ал Мен Қазақтың Баласы деген бүркеншік есімді азамат: «Президент нақтысын айтты деп ойлаймын. Жергілікті билік жасырып, жауып отыруы мүмкін», - деген пікірде.

Заңгер Айгүл Орынбек те Түркістан облысы әкімінің орынбасарын белгілеп тұрып: «Сакен Қалқаманов, ақпаратты Президентке кім берді? Кім қылмыстық жауапқа тартылады бұл жолы? Кешірім сұрап тұрған видео күтеміз!» деп жазды.

Тегтелген шенеуніктер асықпай жауап бере жатар, бірақ, оқырман назарына мына екі ақпараттың бірінен соң бірі түсіп үлгергені ыңғайсыздау екен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар