$ 494.87  520.65  4.91

«Үкімет Түркістан облысына мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі» - Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол осының алдында да Үкіметке топан судың астында қалған ауыл тұрғындарына материалдық көмек көрсетуді тапсырған болатын.
фото: matritca.kz
фото: matritca.kz

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына апаттан зардан шеккен Түркістан облысының тұрғындарына арнап тұрғын үйлер салу басталатынын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ол осының алдында да Үкіметке топан судың астында қалған ауыл тұрғындарына материалдық көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Тағы оқи отырыңыз: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал ауданына келді

«Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды», - деп жазды сонда Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары