Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Ардагерлер туралы","Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды.
Заңға сәйкес, ардагерлердің санаты кеңейтілді:
Жәрдемақы қаншаға өсті?
Социалистік Еңбек ерлері, оның ішінде ҰОС қатысушыларын ескере отырып, үш дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің иегерлеріне тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері "Қазақстанның Еңбек Ері" алатын жәрдемақы мөлшерімен теңестірілді. Яғни, жәрдемақы 138,63 АЕК-ке (2020 жылы 385114 теңге) дейін артты.
Сонымен қатар, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 334 теңге) дейін өсті.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері ретінде танылатын жаңадан қосылған әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2020 жылы 13 334 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Президент, сондай-ақ, Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, ардагерлер бірқатар салық пен міндетті төлемдерден босатылды.