$ 443.85  474.3  4.8

«Мұны қалай түсінуге болады?»: Қазақстан ардагерлерін Путин марапаттап тастады (ФОТО)

«Медаль туралы жарғы өзге мемлекеттің президентінікі, ал оны орындаушы біздің меморган», - деп таңданды әріптесіміз.
фото: http://kushva-online.ru/
фото: http://kushva-online.ru/

Бүгін журналист Халима Тәжіқұл facebook парақшасына Жеңіс күніне орай, қазақстандық ардагерлерді Ресей Федерациясы мараптаттап жатқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«9 мамыр қарсаңында Қазақстандағы соғыс және тыл ардагерлеріне Ресейден мынадай марапат жетіпті. Медаль туралы жарғы өзге мемлекеттің президентінікі, ал оны орындаушы біздің меморган. Сенбесеңіз, мөрді оқыңыз. Мұны қалай түсінуге болады?» - дейді, медальдің суретін жариялаған жазба авторы.

Оған келесі әріптесіміз Қаракөз Айдаш «Менің анама да келді. Продуктысы бар және 30 мың ақшасымен» деген пікір қалдырды.

Содан кейін оның да парақшасына кіріп көрдік. «Анам» деп отырғаны – енесі екен. Сол кісі мен медальдың суретін қоса жариялап, арнайы пост жазыпты.

«Соғыс жылдарында еңбек еткен, жастық, балалық шағы сонау қиын-қыстау уақытта өтіп, жауынгерлерге үздіксіз қызмет жасаған анамыз, қожаның келіні, менің енем (есімін жаза алмаймын), балаларымның сүйікті әжесі бүгін осындай құрметке ие болды.

Қожаларға келін болып түскенде екі ененің қолына түскен. Оларды күтіп қарайласқан. Өте қонақжай кісі. Қожалар әулеті ол кісіні өте құрметтейді. Менің тұңғышым – осы кісінің баласы. Өзі дүниеге келгеннен ешкінің сүтімен баққан. Өзі көрмей тұрғанда тұңғышым деп айтып алайын.

Баласымен бірге тұрмасам да ол кісіні өте құрметтеймін. Анамнан артық десем болады. Қандай жағдайларда да маған қолдау болды. Қамқоршы болды. Аналарымыз аман болсын!

90-ға келіп қалған анама ұзақ өмір тілеймін! Иншаллах немерелерінің қызығын көріп жүре берсін! Еліміз тыныш болсын!» - деп тебіреніпті.

«Медальдің екі жағы бар» дегендей, КСРО мұрагері – Ресей мен тәуелсіз Қазақстан билігі бұл марапаттың сырын қалай түсіндірер екен?..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары