$ 494.87  520.65  4.91

Мақтаралда су басқан ауылдардан 908 бас малдың өлексесі шығарылды

Өлген малдан тазартылған аумақтарды жағымсыз иіс пен зиянды қалдықтардан арылту үшін 219 тонна дәрі себіледі.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Мақтарал ауданындағы су басқан ауылдарды тазалау жұмысы жүріп жатыр. Бұл жөнінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев мәлімдеді, деп жазады «Айқын» газеті.

Арман Тағаевтың айтуынша, өңірде тасқын судың астында қалған мал өлекселері сыртқа шығарылып, арнайы пеште өртелуде. Зиянды қалдықтарды 1200 градус температуда өртейтін пеш Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілген.

Бүгінгі күнге дейін су астында қалған ауылдардан 908 бас үй жануарының өлексесі шығарылды. Олардың ішінде 856 ұсақ мал болса, 39 ірі қара және 7 жылқы мен 6 түйе бар.

Бас маманның айтуынша, өлген малдан тазартылған аумақтарды жағымсыз иіс пен зиянды қалдықтардан арылту үшін 219 тонна дәрі себіледі. Қазір ол дәрілердің 100 тоннасы жеткізілген. Ауа райы қолайсыздық тудырмаса, 5 күн ішінде 4 миллион 188 мың шаршы метр аумақ дәріленеді деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мал #Мақтарал