$ 443.85  474.3  4.8

«Ақылға сыймайды»: ІІМ санаторийінің экс-басшысының әйелі күйеуін түрмеге тоғытқан Тұрғымбаевтың үстінен шағымдануда

Қуаныш Сұлтанның әйелі жолдасының «қажетті дәлелдер алу үшін қысым көрсетіліп жатқанын және дереу қамауға алынғанын» жайып салды.
Фото: Skifnews.kz коллаж
Фото: Skifnews.kz коллаж

ІІМ "Қазақстан" санаторийінің бұрынғы президенті Қазбек Сұлтанның әйелі күтпеген мәлімдеме жасады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Альмира Сұлтанның айтуынша, ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күйеуін мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовқа қарсы куәлік беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.

"Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша тергеушілер М.Сарбасов және Б.Есмаханов жұбайымнан бұрынғы ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен оның орынбасары Б. Бисенқұловқа қарсы куәлік беруді талап еткенін білдім. Бірнеше ай бұрын Б.Есмаханов бастаған тергеу тобы елде жарияланған төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, ешқандай адвокаттың қатысуынсыз менің күйеуімді тергеуге алды. Тергеу кезінде күйеуіме психологиялық тұрғыдан қысым жасаған. Және манағыдай ұсыныс айтқан. Алайда жолдасым ол ұсыныстан бас тартқан. Себебі жұбайым ешкімге жала жаппайды. Бірақ өз бостандығынан айырылып, 8 ай бойы негізсіз түрмеде отыр", - деп жазды ол. 

Қуаныш Сұлтанның әйелі жолдасының «қажетті дәлелдер алу үшін қысым көрсетіліп жатқанын және дереу қамауға алынғанын» жайып салды.

«Біз бұл туралы тергеу барысында ешкімге тіс жармадық, өйткені тергеушілер барлық туысымызды « қамауға алатынын» және «ұйымдасқан қылмыстық топ» құру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғайтынын айтып қорқытты. Біз тергеуге кедергі келтірер деген оймен үнсіз отыруға мәжбүр болдық. Келесі күні олар біздің 25 жастағы қызымызды қамап, әкесі сияқты түрмеге отырғызғысы келді, бірақ ол осы уақытқа дейін карантинде үйде болған еді. Сегіз айдан кейін тергеу органы қызымның кенеттен бұл қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деп шешкені ақылға сыймайды.

Тағы оқи отырыңыз:

«Қазіргі министр 380-мен зу ете қалады»: «қашпаймын» деп сөз берген, Ерлан қалай өзгерген?..

Осындай күнделікті қысым мен күйзелістің кесірінен ол іштегі шаранасынан айрылып қалды. Бірақ олар біз бұға берген сайын сұға бастады. Сондықтан біз шындықты бүкпесіз айтуға бел байладық.  Ішкі істер министрлігі мәселенің қорытындысын айқын біліп отыр, өйткені оларға жұмыстың барысын өздері қадағалап отыр. Мен ешкімді кінәлағым келмейді, мен жай объективті тұрғыда тергеуін сұраймын, менің жұбайым ауру және қамқорлыққа мұқтаж болғандықтан тергеу изоляторынан босатса екен», - делінген үндеуде.

Еске салайық, 5 мамырда Алматыда ішкі істер министрлігіне қарайтын «Қазақстан» санаторийі бұрынғы президентінің кенже қызы Қазбек Сұлтанның ісі бойынша ұстағаны хабарланған.

15 мамырда ішкі істер министрлігі "Қазбек Сұлтанды 974 миллион теңгені жымқырды" деп айыптап отырғаны белгілі болды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары