$ 448.15  483.46  4.86

«Ауыл» партиясының үгіт жұмысына кедергі келтіргендер ешқандай жауапқа тартылған жоқ

Сенатор Әли Бектаев жетекшілік ететін «Ауыл» партиясының үгіт-насихат материалдарын бүлдірген астаналық екі тұрғын тек ескертумен құтылды. Бұл жайында ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

И.Түстікбаев пен М.Болатханов ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Ауыл» партиясының үгіттеу шараларына кедергі келтіріп, ұйымның плакаттарын жыртқан. Екі азаматты құқық қорғау органдары ұстағанымен, оларға ешқандай жаза қолданылған жоқ, екеуі де тек ескертумен құтылды.

Ал, 29 ақпан күні Шымкентте жергілікті мәслихатқа үміткер З.Базарбаевтың үгіт-насихат материалдарын бүлдірген тағы бір азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Айыпты өз кінәсін мойындап, 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, елдегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ешқандай заңбұзушылықсыз өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары