Рахат Әлиевтің ұлы Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мен ұзақ жылдар бойы өзімді бизнеске арнадым. Жаңа қаржылық мүмкіндіктерді зерттеу және дамыту, компанияның экономикалық әлеуетін арттыру - менің жаным сүйіп істейтін іс дер едім. Сондықтан, мен Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен бас тартып отырмын. Енді ары қарай сүйікті ісіммен, яғни кәсіпкерлікпен айналысатын боламын" деп мәлімдеді Н.Әлиев.
Естеріңізге салайық, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрали Әлиев 2014 жылдың желтоқсан айында елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтың орынбасарлығына тағайындалған еді. Ол Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша бітіріп шықты. Сондай Пеппердин университетінің "Бизнес және әкімдік" факультетін тәмамдаған. Магистратураны Имадек университетінде оқыды.
Еңбек өтілі барысында "Нұрбанк" АҚ-да, "Қазақстан даму банкінде" және "Транстелеком" АҚ-да қызмет етті.