$ 447.4  477.55  4.76

Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасында саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты күшейту үшін преспектива мен әлеуеттің зор екендігін атап өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар бірін-бірі күллі ислам әлемінде кеңінен мерекеленетін Ораза айт мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян коронавирс эпидемиясына қарсы күреске бағытталған екі ел Үкіметінің шараларын қолдады және пандемияны еңсеру үшін жаһандық деңгейде іс-шаралар қабылдаудың қажеттілігін атап өтті.

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасында саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты күшейту үшін преспектива мен әлеуеттің зор екендігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Назарбаев