Биыл Ұлы жеңістің 75 жылтық мерейтойына орай, Мәскеудің Қызыл алаңында арнайы парад өтетін болды. Сол үшін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Игіліктің ерте-кеші жоқ» дегендей, төтенше жағдайға байланысты кешіккен іс-шара 24 маусым күні өтетін болды. Ол туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасына жазды.
«Бүгін Ресей Президенті В. Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында 24 маусым күні Қызыл алаңда өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырту алдым. Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым», - деді Қазақстан президенті.