$ 494.87  520.65  4.91

Кішігірім ұйым Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік, Солдат шатқалдарын иеленіп алды

Тендер комисиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды

Қазақстанның ұлттық табиғи байлығы саналатын «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» қарайтын Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік және Солдат шатқалдары және тағы басқа ұлттық паркке қарайтын табиғат байлықтары «КУЛТАУ И К» ЖШС-не 49 жылға жекенменшікке жалға берілген. Бұл туралы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» сайтында:

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭГжТРМ «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ 2020 жылдың 13 наурызында өзара байланысты туристік объектілер кешенін ұсынатын №1 лот бойынша экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендер өткізді (2020 жылдың 12 ақпанындағы №29 (29758) «Егемен Қазақстан» газетінен оқи аласыз).

Тендер комисиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды» делінген.

Ашық дереккөздерде «КУЛТАУ и К» ЖШС 5 адамға дейін жұмыс істейтін, 2004 жылы тіркелген кішігірім ұйым деп көрсетілген. Ұйым басшысы – Гужавин Александр Олегович. Бұл адам, сондай-ақ, көтерме саудамен айналысатын «АС-АЛТЫН» ЖШС-ның да басшысы ретінде көрсетілген.

Ал тендер қортындысында көрсетілгендей, «КУЛТАУ и К» ЖШС 49 жылға жалға алған ұлттық парк телімдерінде экотуризмді дамытпақ көрінеді.

Дереккөз: arasha.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары