Exit poll мәліметі бойынша, "Нұр Отан", ҚКХП және "Ақ жол" партиялары бүгінгі өткен сайлауда 7 пайыздан жоғары дауыс жинап, ҚР Парламентіне өткен.
"Демократия институты" ғылыми-зерттеулер ассоциациясының жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская бүгін Орталық коммуникациялар алаңында брифинг өткізіп, еліміздің барлық аймағында жалпыұлттық exit poll жүргізілгендігін хабарлады.
"Exit poll таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде жүргізілді. Олардың 513-і қалалық, 237-сі ауылдық жерлерде орналасқан. Барлығы 75 мың дауыс беруші сұралды. Exit poll жүргізуге 1200-ден астам сұхбаттасушы қатысқан" деді ол өз сөзінде.
Exit poll нәтижесі бойынша партиялар төмендегідей дауыс жинады:
"Нұр Отан" - 82 пайыз;
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) - 7,17 пайыз;
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,22 пайыз;
"Бірлік" партиясы - 0,35 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 1,21 пайыз;
"Ауыл" қлттық-демократиялық патриоттар партиясы - 2,05 пайыз;
Айта кетейік, дауыс беру 9840 участокте өтті. Олардың 65-і шетелдегі елшіліктерде орналасқан.Барлық дауысберуші қазақстандықтың саны 9 791 165 болса, олардың 7,5 миллиондайы дауыс берген.