$ 494.87  520.65  4.91

Президент алғаш рет жаңа министр Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері қозғалды.

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады. Қазақстан Президентіне министрліктің қазір атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары баяндалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.

Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.

Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары