$ 444.22  476.38  4.82

«Бізде оған жауап беретін зат бар»: Ресей АҚШ-тың ғарышқа қару-жарақ орналастырмауын ескертті

Сондай-ақ, Ресей 2028 жылға қарай Марсқа жететін ауыр жүк таситын зымырандарға тапсырыс бергенін жариялады.
фото: gazeta.a42.ru
фото: gazeta.a42.ru

Ресей Америкамен жаңа ғарыштық жарысты бастады. Мәскеу Ай мен Марсқа ғарышкер жіберуге мүмкіндік беретін орбиталық станция құру жоспарын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz, британиялық The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Роскосмос ғарыш агенттігінің басшысы Дмитрий Рогозин: «Біз алыс ғарышты зерттеу үшін станция құрып жатырмыз. Марсқа, Айға және астероидтерге ұшатын ғарыш аппараттарын орбитаға шығарамыз», - деп мәлімдеген.

Ол АҚШ-тың ғарышқа қару-жарақ орналастыру жоспарларын айыптап: «Бізде оған жауап беретін зат бар», - деп ескертті. Сондай-ақ, Ресей 2028 жылға қарай Айға ұшуды көздеп отырғанын және Марсқа жететін ауыр жүк таситын зымырандарға тапсырыс бергенін жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары