$ 494.87  520.65  4.91

Сағынтаев Маминнен Көк-Жайлау жерлерін Іле-Алатау паркіне қайтаруды сұрады

«Экологтармен жиі кездесемін. Көк-Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады», - дейді әкім.

Кеше Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр Асқар Маминнен Көк-Жайлау жерлерін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Экологтармен жиі кездесемін. Көк-Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», - деді Сағынтаев Twitter парақшасында.

Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Көк-Жайлауда тұрғызылған қосалқы станцияға демонтаж жасалатынын айтқан еді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 29 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысына тыйым салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары