$ 445.66  474.58  4.78

Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГазды» қайта құруды тапсырды

«Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», - деді ол.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясын қайта құрып, құрамындағы компанияларды бөлек шығару ұсынысын қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазМұнайГаз» құрамындағы «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниялары ретінде бөлу жолымен қайта құру ұсынысын қолдаймын.

Бұл «ҚазМұнайГаздың» басты жұмысына – мұнайды барлау, қазу және қайта өңдеуге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ал көліктік компаниялар транспорттық маршрутты әртараптандыруға жағдай жасайды.

Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», - деді Назарбаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары