$ 498.34  519.72  4.85

«Ешқандай революция болмайды»: Батьканың үкіметі доғарысқа кетті

Лукашенко бұған дейін ел үкіметінің қайта жасақталатынын айтқан болатын.
фото: salamnews.org
фото: salamnews.org

Беларусь президенті Александр Лукашенко үкіметті отставкаға жіберді. Белта сайтының хабарлауынша, Президент ол үшін кеңес өткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Лукашенко өткізген арнайы кеңеске Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысқан.

Лукашенко бұған дейін ел үкіметінің қайта жасақталатынын айтқан болатын. «Үкіметті ауыстыруы кезінде елде ешқандай революция болмайды, тек кадрларды жаңартамыз» – деп мәлім еткен жергілікті басылымдарға берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары