06.06.2020, 22:40

«Ұйымдастырушылар қасақана жаңа заңға бағынбай, митингке шығуға шақырып жатыр» - Ерлан Қарин

Фото: sputniknews.kz
Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты.

Президент кеңесшісі Ерлан Карин бүгінгі митингінің неліктен заңсыз екенін түсіндірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде бірқатар азаматтар – "бейбіт жиындар туралы жаңа заң қабылданды емес пе, неліктен митинг өткізуге рұқсат берілмеді", деген секілді пікірлерін білдіруде.

«Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – маусымның 6 еніп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі митингіге алғаш рет үндеп шақырғанда, бұл заң сол кезде парламентте әлі талқыланып жатқан болатын. Яғни, бүгінгі акцияларды ұйымдастырушылар осы митингіні жаңа заңға сәйкес: бес күн бұрын жергілікті билік органдарына алдын ала хабарлама жіберіп, өткізуге барлық мүмкіндіктері болды. Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты. Бұл біріншіден. "Екіншіден, құқықтық нормалардан басқа төтенше жағдай аяқталғанымен, карантиннің біршама шектеулері әлі де сақталынуда, ол Сіздерге белгілі. Санитарлық қызмет өкілдері көпшілік жиналатын шаралардан басқа, тіпті отбасылық шаралардан бас тарта тұруға қайта қайта үндеуде. Осындай жағдайда басқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігімен санаспай осындай шараны өткізу қай жағынан қарасаңыз да дұрыс болмады", - деді Ерлан Карин.

Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты.