$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліске депутат болған ОҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Елбасын күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

"Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліске депутат болып сайланған ОҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Сәкен Қаныбеков ант беру рәсімі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты күлкіге қарық қылды.

Бүгін Астанада Мемлект басшысының төрағалық етуімен Парламент палаталарының кеңейтілген отырысы болып өтті. Мәжіліске жаңадан келген депутаттарды құттықтап, олардың міндеттерін түсіндірген Назарбаев ант беру рәсімі кезінде оңтүстікқазақстандық депутаттың аңғалдығына еріксіз күліп жіберді. Халыққа ант бермек болған Сәкен Қаныбеков трибунаға барудың орнына Президент отыратын президиумға қарай шығып кеткен. Бірақ, өзінің қателігін тез түсінген бұрынғы "замәкім" жарты жолдан кері қайтты.

Депутаттың бұл әрекетіне Елбасымен бірге залда отырған әріптестері де ду күліп жіберді.

Айта кетейік, Сәкен Қаныбеков 2010 жылдың сәуір айынан бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. 2004 жылы ол үшінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары