$ 448.15  483.46  4.86

Елімізде тағы екі облыстың әкімі ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына жаңа әкімдер тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының тізгінін ұстаған Нұрлан Ноғаев бұдан былай Атырау облысына басшылық етеді. Облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың "Нұр Отан" партиясы атынан Парламент Мәжілісіне депутат және төраға болғанын айта кетейік.

Ал, Ноғаев басқарған Батыс Қазақстан облысының тізгінін Орал қаласының әкімі болған Алтай Көлгінов ұстайтын болды.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бас маманы, прокуроры болып бастады. 

2003-2007 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы.

2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары