Қазақстан элитасы Қытаймен қарым-қатынаста мемлекеттің егемендігіне алаңдамайды, өздерінің экономикалық активтары мен қолдарындағы билікті ғана уайымдайды. Қазақстандық саясаттанушы Талғат Мамырайымов Украина.ру басылымына берген сұхбатында осылай жорамалдады, деп хабарлайды Мәлім.кз сайты.
Мамырайымовтың пікірінше Қытайдан келіп жатқан инвестициялардың бір бөлігі қазақстандық элитаның жеке бизнесі болуы мүмкін.
«Иә, Қытаймен бірігіп ашылып жатқан өндіріс орындары мемлекеттің экономикалық қызығушылығы мен қауіпсіздігі үшін. Бірақ, олар (қазақстандық байлар) Қытай жақпен келісіп, офшор арқылы ақшаларын аударып, өз ақшаларын Қытай ақшасы ретінде елге кіргізіп жатыр», – деп пайым жасаған Т.Мамырайымов.
Саясаткердің ойынша, мұның арты үлкен қауіпке әкеп соғуы мүмкін. Әсіресе, элита үшін. «Қытай жағы бұл мәселені жақсы біледі. Кез келген сәтте сол әрекеттерін қазақстандық элитаға қарсы компрамат ретінде қолдануы мүмкін деп есептейді саясаттанушы.