$ 449.58  486.94  4.86

«Бұл не қылған ойындар?»: «лайк үшін реформа жасайтын» министрлерге желіге кіруге тыйым салынды

Дегенмен, президент бұдан кейін де кейбір министрлердің Facebook қолданушылары «Керемет» деп айтатындай реформалар жасауын жалғастыра бергенін айтты.
фото: pnp.ru
фото: pnp.ru

Украина президенті Владимир Зеленский елдің бұрынғы премьер-министрі Алексей Гончаруктің командасы шынайы нәтижеден гөрі желідегі лайк санына қызыққанын айтып берді. Оның сөзінше, министрлер кабинетінің мүшелеріне, тіпті, жұмыс уақытында Facebook-ке кіруге тыйым салуға тура келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Зеленский жас министрлердің алғашында БАҚ өкілдерінен қашып, қаралым және лайк саны бойынша желі қолданушыларының алдында жарысып жүргенін сөз етті. Украина басшысы әлеуметтік желіге тіркелмеген ел тұрғындары да бар екені туралы билік өкілдерінің есіне салуға мәжбүр болған. Алайда, аталмыш жағдай өзгермеген соң ол Гончарукпен сөйлесіпті.

«Мен Лёшамен кездесіп: «Бізге жұмыс істеу керек. Сол үшін министрлерге жұмыс күнінде, қызмет барысында Facebook және өзге де желілерді қолдануға тыйым саламыз. Бұл не қылған ойындар? Не болып жатыр? Бұл не деген пионер-лагерь?» деп ескерттім», – деді Зеленский «Украинская правда» газетіне берген сұхбатында.

Дегенмен, президент бұдан кейін де кейбір министрлердің Facebook қолданушылары «Керемет» деп айтатындай реформалар жасауын жалғастыра бергенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары