$ 498.34  519.72  4.85

Сенат депутаттарының сайлауы биылғы тамыз айында өтетін болды

«Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Сенат депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын» делінген Жарлықта.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Қазақстандағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы 12 тамызда өтетін болды. Ол туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше қол қойған Жарлығы Ақорданың ресми сайтына бүгін жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген 2020 жылдың 11 маусымында Мемлекет басшысының қолы қойылған №351 құжатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары