$ 498.34  519.72  4.85

Сенат сайлауына бюджеттен қанша ақша бөлінетіні белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы әр өңірге бөлетін сома сайлаушылар мен сенат депутаттығына кандидаттар санына байланысты болады.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Қазақстан парламенті сенатының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен 254,5 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Сенат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуге арналған шығыстар Орталық сайлау комиссиясына республикалық бюджеттен 254,5 миллион теңге сомасында бөлінеді", - деді Мұстафина сайлауды өткізу бойынша негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітуге арналған отырыста.

Айтуынша, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі, мәслихат депутаттарының көлік шығыны мен іссапары, баспа қызметтері, сондай-ақ сайлау учаскелерін дайындау мен БАҚ-қа материалдар жариялауға кететін шығындар және тағы басқасына жұмсалады.

Тағы оқи отырыңыз: Сенат депутаттарының сайлауы биылғы тамыз айында өтетін болды

"Республикалық бюджеттен қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың шоты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін оларда осы мақсатқа арнайы есепшоттар ашылады", - деді ол.

Орталық сайлау комиссиясы әр өңірге бөлетін сома сайлаушылар мен сенат депутаттығына кандидаттар санына байланысты болады.

"Салыстыру үшін айтар болсақ, өткен сайлау науқанында бұл мақсатқа сенат депутаттығына үміткер әр кандидатқа 400 мыңнан 600 мың теңгеге дейін бөлінді", - деді Мұстафина.

Ол бюджет қаражатының жұмсалуын аумақтық сайлау комиссиясы қадағалайтынын атап өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары