$ 448.15  483.46  4.86

Тоқаев Мәскеуге ұшып барды

Ол Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.
фото: Б.Уәлидің парақшасынан
фото: Б.Уәлидің парақшасынан

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге ұшып барды.  Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.
Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Мәскеуге әскер кіргізбек


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.
Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді», - деп жазады Б.Уәли. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары