$ 494.87  520.65  4.91

«Ашық праймериз Қазақстан тарихында алғаш рет өткелі отыр» - Джесси Джейн Дафф

«Маған, америкалық азамат үшін өзге халықтар, біздің одақтастарымыз біздің құнды демократиялық моделіміз бен сайлау процесімізге ұмтылып жатқанын көру мақтаныш сезімін ұялатады», - дейді америкалық сарапшы.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Жақында «The Washington Times» басылымында «Қазақстан азаматтық белсенділік пен әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы демократияны нығайта түсті» атты мақала жарық көрді. Мақала авторы – Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері және Трампты қолдаушы ардагерлер кеңесінің тең төрағасы Джесси Джейн Дафф.

Мақалада негізінен Қазақстан тарихында алғаш рет үміткерлер арасында ашық пікірталас пен барлығына бірдей қатысу мүмкіндігін беріп отырған партияішілік праймериздің ұйымдастырылуы және праймериз қарсаңында елдегі билік партиясы – Nur Otan ашық және саяси бәсекелестікті ынталандыруға, сондай-ақ, елдегі әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірқатар демократиялық хаттамалар бекіткенін де атап өткен.

«Ашық праймериз Қазақстан тарихында алғаш рет өткелі отыр. Бұл билік партиясы үміткерлері мен қоғам азаматтары арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Модель шетелдік тұлғалар тарапынан үміткерді қаржыландыруға шектеу қоятын нақты шаралардың арқасында үміткерлер арасындағы бәсекелестікті арттырады. Сонымен қатар, алғаш рет үміткерлер арасында ашық пікірталастар өткізу міндеттелген әрі барша азаматтар үшін трансляция жасалады. Бұл дауыс беру кезінде мейілінше негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Дискуссия сонымен бірге Қазақстанда Nur Otan жасақтап, енгізіп жатқан жүйенің демократиялық сипатын қолдауға жәрдемдеседі», - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, Джесси Джейн Дафф мақаласында партияның бастапқы таңдау үшін енгізген квота жүйесі Қазақстандағы демократиялық реформалар мен даму масштабын көрсететінін атап өткен.

«Бастапқы іріктеу кезінде үміткерлердің кем дегенде 30 пайызы әйелдерден, тағы 20 пайызы жастардан құралуы керек. Аталған екі квотаны қалыптастыру мотивациясының екі сипаты бар. Біріншіден, әйелдер квотасы олардың мүмкіндігі мен құқығын кеңейтіп, олардың саяси және азаматтық процестерге араласуына ықпал етеді.

Ал жастарға келсек, квота олардың демократиялық процестер мен сайлауға қатысуына түрткі болады. Праймериз жас буын үшін шынайы мүмкіндіктері бар үміткерлерге қол жеткізуге, билік партиясындағы басқарушы лауазымдарға сайлануға және Үкімет шешімдеріне араласуға мүмкіндік береді», - деп тоқталады ол.

Сарапшы мұндай арнайы квота бөлу тәжірибесі Бельгия, Франция, Германия тәрізді дамыған Батыс Еуропа елдерінде бар болғанымен, мұндай шара Қазақстан тәрізді Орталық Азияның дамушы мемлекеті үшін теңдессіз фактор екенін айтады.

«Бұл – барлық демократиялық реформаторлар мен белсенділер үшін монументалды және сейсмикалық сілкініс. Маған, америкалық азамат үшін өзге халықтар, біздің одақтастарымыз біздің құнды демократиялық моделіміз бен сайлау процесімізге ұмтылып жатқанын көру мақтаныш сезімін ұялатады. Ал Қазақстан тәрізді елдердің өздерінің саяси жүйесіне тиімді әрі ұзақ мерзімді демократиялық реформаларды енгізу бастамасын қолға алуы тіптен мол үміт күттіреді. Бізге осындай ынтаға назар аудартып, қажет кезде оны тиісті деңгейде мойындауды қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеліп отыр. Қазақстан мен Nur Otan саяси партиясы расында құрметке лайық» деп жазған.

«Сарыарқа» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дархан Мұхан да тамызда басталатын праймериз саясат сахнасына жаңа есімдерді шығарады деп сенеді.

«Nur Otan партиясының басшылығы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттарды праймериз арқылы анықтайтынын жариялады. Қалай болғанда да бұл – дұрыс қадам. Сайлауға қатысатын кандидаттар партия ішіндегі бәсеке арқылы анықталады. Шағын құрамдағы партия органдары ешкіммен ақылдаспай тізім жасай салу деген енді болмайды. Осы жерде «Праймериз не береді?», «Қандай артықшылықтары бар?» деген сұрақтардың жауабы да өзінен-өзі түсінікті болған сияқты», - дейді ол.

Партияның бұл қадамына «жаңаруға, қоғам үніне құлақ асуға түбегейлі бет бұру» деп баға берген Дархан Мұхан праймериздің негізгі артықшылықтарын атап өтті.

Біріншіден, партия мүшелері сайлауға кімдер кандидат боп қатысатынын біліп қана қоймайды, оларды іріктеуге атсалысады. Бағдарламаларымен танысады, кандидаттың мүмкіндіктерін, өмір жолы мен тәжірибесін зерттей алады.

Екіншіден, праймериз кезінде кандидаттың, партияның бағдарламасын жария түрде әзірлеу мүмкіндігі туады. Праймеризге қатысқан әр азаматтың ұсыныстары болашақта партия фракциялары басшылыққа алатын негізгі құжатқа айналады.

Үшіншіден, сайлауға қатысу белсенділігіне де праймериз оң әсер етуі тиіс. Өйткені, кандидаттарды іріктеуге қатысқан адам сайлауда өз кандидаты үшін дауыс беруге тікелей мүдделі болады ғой.

«Бізде тек республика деңгейінде ғана емес, аймақтарда да өзекті мәселелер, әр салада жаңа әдіс-тәсілдерді талап ететін қиындықтар жоқ емес. Уақыт мәслихаттарға жаңа міндет артып отыр. Алдағы сайлауда жергілікті өкілдік органдардың құрамы барынша жаңаруы, оған жаңа адамдар өтуі керек деп санаймын. Мәслихат депутаты болам деген адам бұрынғыша өз кандидатурасын ұсына салмайды, филиал төрағасымен, не әкіммен жақсы қарым-қатынаста болуы да жеткіліксіз.

Енді болашақ кандидаттар өз ұстанымдарын, бағдарламаларын ашық бәсекелестік жағдайында көпшілікке таныстырып, жақтастар жинауы қажет. Осы жерде Nur Otan партиясының партияға мүше емес азаматтарға да кандидат ретінде праймеризге қатысу мүмкіндігін ұсынып отырғаны қоғамның дамуы үшін оң қадам екенін атап өткен жөн. Бұл – партия да жаңаруға, қоғам үнін тыңдауға түбегейлі бет бұрды деген сөз.

Тамызда бастау алатын праймериз саясат сахнасына жаңа есімдерді шығарады деп сенемін. Бастысы, сырттан бақылаушы болумен шектелмей, үлкенді-кішілі мәселелерді шешуге тікелей араласу», - деп ойын толықтырды.

Дереккөз: Дәурен Базаровтың facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары