$ 494.87  520.65  4.91

«Шпекбаев ешқайда кетпейді»:  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеме жасады

Алик Шпекбаев зейнет жасына байланысты қызметінен кеткелі жатыр деген ақпарат тараған болатын.
фото: toppress.kz
фото: toppress.kz

Бүгін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев зейнет жасына байланысты қызметінен кеткелі жатыр деген ақпарат тараған болатын. Артынша бұл ақпараттың да біреулердің кезекті «қалжыңы» екені белгілі болды, деп хабардайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасап, сыбыстың шындыққа жанаспайтынын айтқан. 

Шпекбаевтың «отставкасы» туралы ақпарат саясаттанушы Ерлан Еділовтың телеграмм каналында жарияланған болатын. «Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнет жасына жетуіне байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды», - деп жазған болатын. 

Алик Шпекбаев бұл қызметті 2017 жылдан бері атқарып келеді. Биыл шілде айында жасы 63-ке толады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары