$ 445.66  474.58  4.78

«Тоқаев Біртановтың үстінен іс қозғалсын деген тапсырма беру керек еді!» - заңгер

Бәрін бүлдіріп алып жәй ғана отставкіге кете салу, меніңше дұрыс емес!
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Белгілі саясаткер, Ұлттық кеңестің мүшесі Айгүл Орынбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткізілген коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес қорытындысына көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгер елдегі қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Тоқаев арнайы үндеу жасайды деп күткен. 

«Мен бүгін үндеуден не күттім?
Дәрі-дәрмек жеткізетін барлық компанияларға тексеру жүргізілсін!
Үш қалада салынған аурухана бойынша кеткен шығындар, халық алдында ашық есеп берілсін!
Дәрігерлер ауруханаға жетпей жатқан дүниелерін ашық айтсын, ешкімді жазаламаймыз, кешірім сұратпаймыз деген секілді үндеу күткенім үшін ұялып отырмын!», – дейді Айгүл Орынбек.

Қоғам белсендісі сонымен қатар, кеңес барысында Үкіметті толығымен доғарысқа жіберіп, кінәлілерді жазаға тарту туралы мәселе көтеріледі деп күткенін жазған. 

«Бас Прокурорға Е.Біртанов үстінен іс қозғалсын деген тапсырма беру керек еді!
Бәрін бүлдіріп алып жәй ғана отставкіге кете салу, меніңше дұрыс емес! Үкімет отставкаға кетсін!», - деп атап өткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары