$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктерін қайта ашты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасына дипломатиялық арналар арқылы хабарласын!

 Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы Қазақстан Үкіметінің Қаулысы өзгертілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысын назарларыңызға ұсынамыз!

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-1-тармақ алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасына дипломатиялық арналар арқылы хабарласын!

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан-Қытай шекарасы бір-ақ күнге жабылады

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», - делінген қаулыда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары