Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы Қазақстан Үкіметінің Қаулысы өзгертілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысын назарларыңызға ұсынамыз!
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-1-тармақ алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасына дипломатиялық арналар арқылы хабарласын!
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан-Қытай шекарасы бір-ақ күнге жабылады
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», - делінген қаулыда.