$ 498.34  519.72  4.85

Назарбаев коронавирустан емделіп шықты

Елбасының КВИ-ге тапсырған тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.
фото: elbasy.kz
фото: elbasy.kz

Бұл туралы Елбасының баспасөз-хатшысы Айдос Үкібай өз твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге тапсырған тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Дегенмен Назарбаев дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, оқшаулану режимін әлі де сақтайтын болады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада жиі-жиі серуендеуді жоспарлап отыр», – деп жазған Айдос Үкібай.

Естеріңізде болса, маусым айының 18-і күні Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары