05.07.2020, 01:10

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қайтыс болды

фото: ktk.kz
Кейбір дерек көздеріне сенсек, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева пневмониядан көз жұмған.

«Ақтау қаласының әкімдігі, Ақтау қалалық мәслихаты Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алдашева Гүлжазира Тасеменқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Гүлжазира Алдашева - білімді де білікті мемлекеттік қызметкер, шебер ұйымдастырушы, өлкенің мәдениет саласында өзіндік орны бар маман еді. Жауапкершілігі мол, әр істе ұқыпты, қызметте мұқияттылығымен ерекшеленді. Әріптестерімен ақыл-кеңесімен бөлісіп отыратын, тәрбиесімен де, мінезімен де ұжымда аса сыйлы болды. Ақтау қаласының әлеуметтік саласына үлкен еңбек сіңірген әріптесіміз, аяулы Гүлжазира Тасеменқызы, бақұл болыңыз!», - деп жазған Ақтау қаласы әкімдігінің ресми facebook парақшасы.

КТК сайтының жазуынша, Гүлжазира Тасеменқызы 3 шілде күні пневмониядан көз жұмған.