$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев ел тұрғындарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.
фото: businessfm.kz
фото: businessfm.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын», - деп жазады өзінің твит-жазбасында.

Ал осыдан бр күн бұрын Мемлекет басшысы азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды екенін мәлімдеп, «пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды!» деп Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеуге тапсырма берген болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары