Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезде саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, коронавирус өршіп тұрғанда ел ішінде жалған әңгімелер тарап жатқан көрінеді.
Мәселен, президент Тоқаев: "Кейбіреулер саяси ойын жасап, өсек таратады, жағдайды әртүрлі болжамдар мен үндеулер арқылы ұшықтырады және қоғамда жеккөрушілік тудыруға тырысады. Мұндай манипуляциялар өте қауіпті. Сондықтан оларға заңдық тұрғыдан баға беріледі", - деді телевизиялық үндеуінде.
Мұнымен қоймай, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті.
Сонымен қатар, әрі-дәрмек бағасын күрт өсіріп үлгерген "ұятсыз кәсіпкерлерді сынады.
"Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады", - деп халықты өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, президенттің айтуы бойынша, 13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды