$ 494.87  520.65  4.91

«Ұятсыз кәсіпкерлер қиын жағдайды пайдалануда»: Тоқаев экс-министрдің жұмысы тексерілетінін айтты

Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ.

Тоқаев телевизия арқылы үндеу жариялап, қазіргі қиын жағдайда кейбір ұятсыз кәсіпкерлердің "жығылғанға жұдырық жұмсап отқанын" сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Сондай-ақ коронавирус кезінде қызмет етіп жатқан әкімдер мен министрлердің жұмысына баға берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда індеттің таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауырташылық түсуде.

"Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз.

«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Алайда, уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды. Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз.

Өкінішке орай, карантиндік шаралардың жаппай сақталмауы, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жүйелік қателіктерінің кесірінен және әкімдердің жылдам әрекет етпегендіктен біз іс жүзінде пневмонияның күрт өсуімен қатар жүретін коронавирустың екінші толқынымен күресіп жатырмыз.

Кейбір ұятсыз кәсіпкерлер қиын жағдайды пайдаланып, оны ақша табуға тырысуда. Олар жасанды толқуды тудырады және қажет дәрі-дәрмектерге бағаны әдейі көбейтеді", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары