Саясат 11.07.2020 сағат 07:07

«Дағдарыс азаматтардың билікке деген күмәні мен сенімсіздігін анық көрсетті» - Тоқаев

«Біздің мемлекеттік аппарат және жалпы мемлекеттік басқару жүйесі уақыт талабына ілесе алмай отыр. Идеологиялық аппаратқа білім, тәжірибе, ой ұшқырлығы, батылдық жетіспейді», - деді президент.
«Дағдарыс азаматтардың билікке деген күмәні мен сенімсіздігін анық көрсетті» - Тоқаев
фото: informburo.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл қазір ел үшін өте өзекті болып тұрған мәселелерді көтерді. Әсіресе, Үкімет пен мемлекеттік органдар экономиканың беталысын халыққа қарай бұруы тиістігін қадап айтқаны ел көңілін марқайтары анық, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Дағдарыс біздің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді, азаматтардың жергілікті және орталық билікке деген күмәні мен сенімсіздігін анық көрсетті. Біздің мемлекеттік аппарат және жалпы мемлекеттік басқару жүйесі уақыт талабына ілесе алмай отыр. Идеологиялық аппаратқа білім, тәжірибе, ой ұшқырлығы, батылдық жетіспейді.

Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды едәуір күшейтуді қарастыратын саяси реформаның бөлшегі болмақ. Мұндай реформасыз біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бере алмайтынымызға сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнайтын алдағы Жолдауында толығырақ тоқталмақ. Қазір жаңа міндеттерді сапалы орындау үшін кадрларды іріктеудің маңызы зор.

«Біздің жаңа бағыт өз міндеттерін адал атқаратын білімді, батыл, бастамашыл, іскер орындаушыларды қажет етеді. Бізде осындай азаматтар жеткілікті ме? Ал енді ойланып көріңіздер: осында отырған тұтас команда аталған талаптарға толық сай келе ме?

Үкімет мүшелері мен әкімдер өздерінің мүмкіндіктерін шынайы бағалайды деп ойлаймын. Бізде өзіне сыни көзбен қарау қашанда қиындық тудырған. Дегенмен, мемлекеттің пайдасына қарай шешім қабылдайды деп сенемін», – деп сөзін қорытындылады президент.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар